Прокуратура заңсыз митингінің салдары туралы халыққа ескерту жасады

Прокуратура заңсыз митингінің салдары туралы халыққа ескерту жасады
Алматы облысының прокуратурасы заңсыз митинг ұйымдастыру заңды өрескел бұзу екенін ескертті. “Жиналыстар, митингілер мен пикеттер сияқты жария іс-шараларды өткізу “бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” Қазақстанның заңымен қатаң реттеледі. Азаматтардың жауапкершілікпен қарауын және заңсыз митингілерге қатыспауын ескертеміз”, – деп жазылған ведомство хабарламасында. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу – заңды өрескел бұзу. Ал заңды бұзғандар жазаланады – деп ескертті прокуратура.