Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Күдебаевқа Қылмыстық кодекстің “Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану” бабы бойынша айып тағылды. Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.