Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты. Жедел-тергеу тобы қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Тергеу барысында 2016 -2017 жылдары Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында «Questra World» қаржы пирамидасын құрғандығы және оның құрылымына қазақстандықтарды тартқандығы анықталды. Ораздың айтуынша, пирамида басшылары салынған соманың 336%-на дейін табыстылыққа кепілдік бере отырып, салымшыларға виртуалды валюта арқылы құны 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерді сатып алуды ұсынған. Келтірілген материалдық шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты. Қылмыстық іс бойынша 4 адам, оның ішінде бұрын Беларуссиядан экстрадицияланған Ресей азаматы жауапқа тартылды.