Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер алғашқы кандидаттың құжаттарын қабылдады. «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен бүгін сайлау комиссиясына тиісті заңда талап етілетін бірқатар құжатын тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мейрам Қажыкен Павлодар облысының тумасы, экономика ғылымдарының докторы, жасы 61-де. «Ынтымақ» партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі. Ол – елде өтетін кезектен тыс президент сайлауына ұсынылған үшінші кандидат. Мемлекеттік тіл білімінен емтихан тапсыруға дайындалып жатқанын айтты. Президенттікке үміткер ретінде өңірлерден 120 мың қол жинауға да сенімді екенін жеткізді.