Биыл қасиетті ай сәуірдің 12-сінен 13-іне қараған түні басталып, мамырдың 12-не дейін жалғасады. Елдегі «жасыл» аймақта жұма, тарауих намазы оқылады. «Қызыл» аймақта оқылмайды. Бұдан бөлек, мешітте ас дайындап, ауызашар беруге шектеу енгізілді. Жасыл аймақтағы өңірлерде ауызашарды 50 адамға дейін беруге рұқсат етілген. Қазақстан діни басқармасы осылай деп хабарлады.