Бұл туралы мешіт өкілдері мәлім етті деп хабарлайды Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Мешіт өкілдері егер ас қорыту жүйесіне түсетін зат, ауыз қуысы және мұрын арқылы енсе, онда ораза бұзылатынын айтқан. Ал инъекциялар және коронавирус вакцинасын салу кезінде ораза бұзылмайтынын атап өткен. Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 13 сәуірден 12 мамырға дейін жалғасады.