Ресей тарапы Әзербайжанның азаматтық ұшағына шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек

Ресей тарапы Әзербайжанның азаматтық ұшағына шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек. Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мусабеков Ресейге осындай талап қойды. “Ұшаққа Ресей аумағында, Грозный аспанында соққы жасалды. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Мұны істегендер қылмыстық жауапқа тартылып, өтемақы төлеу керек”, – дейді депутат. Расим Мусабеков Ресейде әлдекімдер оқиғаға қатыстылардың ізін жасыруға тырысып жатқанын айтты.