Ресейде балаларға энергетикалық сусын сатқаны үшін айыппұл енгізілді. Айыппұл ақысы үш миллион теңгеден асады. Тиісті заңға ел президенті Владимир Путин қол қойды. Сондай-ақ көлемі 500 миллилитрден асатын банкаларды сатуға тыйым салынды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Жергілікті биліктің айтуынша, энергетикалық сусындарды ішу жүрек-қан тамырлары ауруларына және артық салмаққа әкеп соқтырады. Елде балаларға сергітетін сусындарды сатуға тыйым наурыз айынан бастап енгізілгенімен, жазалау шаралары енді ғана күшіне енді.