Дереккөз мәліметінше, Ресейде өткен тәулікте 12 126 адамнан коронавирус анықталған, – деп хабарлайды РИА Новости. Осыған дейін Ресейдің вице-премьері Татьяна Голиков 11 мамырда науқастар саны рекорд орнатқанын мәлімдеген еді. Ол кезде елде бір тәулікте 11 656 адамнан коронавирус анықталған болатын. Ал, Үндістанда соңғы тәулікте 78 мың адам коронавирус жұқтырған. Жалпы бұл елде короновируспен ауырғандар саны 7 миллионға жуықтады. Айта кетейік, Үндістан науқастар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.