Ресейдің кейбір аймақтарында ауа температурасы минус 60 градусқа түсті. Атап айтқанда, Якутияның Оймякон ауылында 10 жылда болмаған суық аяз тіркелді. Мұз қатып қалған тағамдарды жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, қызық көріп, бөлісіп жатыр. Ал өңірлік гидрометеорология және қоршаған ортаны бақылау қызметі мұндай суық аяз, алдағы күндері Иркутск облысы мен Красноярск өлкесінде де болатынын хабарлады. Сонымен қатар климаттық өзгерістер Оралда және Еділ бойындағы аймақтарда байқалып отыр. Мұнда температура нормадан 8-16 градусқа ауытқыған.