Ресейге кіру тәртібі өзгереді

Ресейге кіру тәртібі өзгереді. Жаңа тәртіпке сәйкес, визасыз режим аясында Ресейге баруды жоспарлаған шетел азаматтарына «ruID» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала тіркеуден өту ұсынылады. Аталған қосымша арқылы өтініш беру – ерікті сипатта. Бұл ресейлік мемлекеттік қызметтерге, ұялы байланыс операторларының қызметтеріне және төлем жүйелеріне оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өтініш жоспарланған сапардан 90 күн бұрын немесе сапарға дейін кемінде 72 сағат қалғанда берілуге тиіс. Аса маңызды жағдайларда өтініш 4 сағат ішінде қабылданады. Шекарадан өткен соң 10 күн ішінде жалпы биометрикалық жүйеге тіркелу қажет.