Ішінара мобилизациядан қашқан азаматтар мәжбүрлеп қайтарылмайды. Ресей билігінің Қазақстан, Грузия және өзге де елдердің ресми органдарына сұрау салып, азаматтарын кері қайтаратын ойы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24». Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл мәселеге қатысты мұндай жоспардың жоғын айтып, осындай мәлімдеме жариялады. Шекара асқан ресейліктер халықаралық іздеу жарияланған кезде ғана көршілес елге қайтарылатынын бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та айтқан еді.