Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылығы тергеуге алынды. Экс-басшылық жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатты жүйелі түрде ұрлаған. Олар мемлекетке аса ірі көлемде 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді. “2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған”, – делінген ресми хабарламада.