Риддерде жылу электр орталығындағы жарылыстан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен шықты. Мамандардың айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. “Науқастар қазір жалпы палаталарға ауыстырылды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев. Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 20-сы көмірді беру конвейерінде дәнекерлеу кезінде газ-ауа қоспасы жарылған еді. Төтенше жағдай салдарынан алты адам зардап шекті. Облыстық еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрды. Тексеру қорытындысы он күннен кейін жарияланады.