Үкімет өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеуді жалғастыруда. Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Одан бөлек, отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады. Еске сала кетсек, 23 наурызда Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңы жарылысы болған еді. Оның толқыны шамамен 80 шаршы метрге тең қоршау құрылымдарын қиратып, облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.