Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Instagram-дағы парақшасында хабарлады. “Соңғы кездері елімізде креативті индустрия дамып келе жатыр. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда. Сондай фильмнің бірі – қарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін “Қаhарман” атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер – халық қаһарманы Асқар Забикулин өткен жылы ғана алаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке қарай, өзі ажал құшты”, – деді министр.