Аталған компания “Қазақстан Халық банкінің” еншілес ұйымы. Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, компаниядан “ALA Hostel” ЖШС ғимаратты биыл қыркүйектен бастап жалға алған.”Жалдау шартының талаптарына сәйкес “ALA Hostel” ЖШС бизнесті өз бетінше жүргізуге, өрт қауіпсіздігіне, барлық санитарлық нормаларды сақтауға және ғимаратты пайдалануға толық жауапты”, – делінген банк хабарламасында. Банк “Куса халық” қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады және мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.