Абай облысындағы өрт кезінде жағдай дұрыс бағаланбаған. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметтің кулуарында осылай деді. Оның айтуынша, өртті сөндіруге табиғи факторлар әсер етіп жатыр. Оған себеп – желдің күшеюі. «Жақын арада өрт ошақтары сөндіріледі деп ойлаймыз. Жел бәсеңдеді. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр», – деді Роман Скляр. Ол экология министрлігінің дайындығын 59 пайызға бағалады.