Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болды. Ол бұл қызметке Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалды. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Руслан Фатихұлы еңбек жолын 1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі болып бастаған. 2023 жылғы 3 сәуірде қайтадан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2025 жылы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатқан.