Құрылыстың техникалық шарттарын төтенше жағдайлар органдарының рұқсатынсыз жасауға жол берілмейді

Құрылыстың техникалық шарттарын төтенше жағдайлар органдарының рұқсатынсыз жасауға жол берілмейді. Бұл норма енді азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізіледі. “Түзетулерге сәйкес, төтенше жағдайлар органдары адамдар көп жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар беруге уәкілетті. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарға рұқсат беру және біліктілік талаптарын белгілеу құқығы беріледі”, – деді министр.