Одан бөлек әуе кемелері тоқтайтын екі перрон салынады. Қосымша ақпар, ШҚО-ның Үржар ауылындағы әуежайды қайта жаңғыртуға жалпы сомасы 4,7 млрд теңге қарастырылған. Ұшақтардың бұрылатын жолдары да қайта жаңартылады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділовтің айтуынша, инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Өскемендегі әуежайды қайта жаңғыртуға бөлінген 10,1 млрд. теңге қаражаттың қалған бөлігі биыл игеріліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Бұған қоса, жарық сигналдары мен перррондардың жабыны жаңарып, әуежай барлық халықаралық стандарттарға сай болады.