“СҚ-Фармацияның” гуманитарлық көмек таратуға құқығы болмапты. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бұйрабекова осылай деп түсіндірді. Коронавирус пандемиясына дейін компанияның ел аумағында гуманитарлық көмек таратуға құзыреті болмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Індет жайлағалы заңға өзгеріс енгізу қажет болды. “Құжаттар рәсімделді. Енді “СҚ-Фармация” бұнымен заңнамалық деңгейде айналыса алады”, – дейді Бұйрабекова.