Агенттік мәліметінше, биыл 21 сәуірде патрульдік полиция батальонының екі инспекторы жүргізушіге оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы жалған ақпарат беріп, алдау жолымен 150 мың теңге көлемінде ақшасын алған. Петропавл қалалық соты тәртіп сақшыларына алған ақшаның 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Олар өмір бойына құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұл шараны заң бұзушылыққа жол берген сотталушылардың бұрынғы әріптестері онлайн режимде бақылады. «Агенттік бұл жаңашылдықты мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін енгізді» – дейді превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.