Диагнозды Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. облыстың жеке шаруа қожалықтарында 220 құс осы аурудан өлген. Арқалық құс фабрикасында да өлім фактілері туралы айтылды. Қазір сол жерде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Алайда бұл жерде құс тұмауы әлі расталмаған. Өлген құстардың саны туралы нақты деректер жоқ. Карантин енгізілген елді мекендерде құстардың ұшалары жойылып, зарарсыздандырылып жатыр. Бұған параллель вакцинация жасалады.