Құс тұмауының вирустары адамға жұқпайды. Кейбір жоғары патогенді штамдар ғана адамдарда ауыр тыныс алу ауруын тудыруы мүмкін. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының мәліметінше, ауру тек мекен тауықтардың арасында ғана таралады. Бройлер құсының ауруға ұшырауы тіркелмеген.
Бұл – өнеркәсіптік өндірістің құс етін, одан жасалған өнімдерді тұтынуға болады деген сөз. Құс етін және одан жасалған өнімдерді тамаққа қолдану тиісті гигиена және тамақ дайындау ережелерін сақтаған кезде қауіпсіз саналады. Жақсы қайнатылған немесе қуырылған құс ешқандай қауіп төндірмейді дейді мамандар. Қоса кетсек, құс тұмауының соңғы өршуі Қазақстанда 2005 жылы тіркелген болатын.