Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің 5 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің біріндегі пәтерден табылған.
«Қазір қыз бала ауруханада тексерілуде. Күдікті ұсталды.
Ұсталған азаматтың үйінің жанында күдіктіні олардың қолына беруді талап ететін бір топ адамдардың жиналған.