Қазір қызды зорлау ісіне байланысты сот тыңдаулары Қарағанды облыстық сотында жабық режимде өтіп жатыр. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы ақпарат жарияланады. Еске сала кетейік, Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлау ісі бойынша ерлі-зайыпты сотталған болатын.Ер адамның мас күйінде қылмыс жасауы жағдайы ауырлату ретінде тіркелді. Сотталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Оның жұбайына қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Ауыр қылмыс былтыр 24 шілдеге қараған түні жасалған.