Алматы әкімі карантин шараларын босаңсыту COVID-19-дың өршуіне әкеп соққанын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға үндеймін. Алматылықтардан көшеде жүруін шектеуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал.
Қауіпі дендеп бара жатқан бұл ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1308 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады» деді қала басшысы.