Салықтан жалтарған блогерлерге қосымша бір ай уақыт беріледі

Салықтан жалтарған блогерлерге қосымша бір ай уақыт беріледі. Мемлекеттік кірістер комитеті осылай деп хабарлады. Комитеттегілер жүздеген жеке тұлғаның декларацияда табысты төмендетіп көрсеткенін анықтаған. Олардың ішінде блогерлер де бар. Салықшылар мемлекеттік органдар мен банктерден алынған ақпаратты салыстыра отырып декларацияларды тексереді. Бұл жолы 594 жеке тұлға өз табысын 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткен. “Осыған байланысты 13-14 ақпан аралығында кірістерді төмендету бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. Хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет”, – дейді салықшылар. Камералдық бақылау хабарламасы 30 жұмыс күні ішінде орындалуы шарт.