Бұл туралы бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін бес елдің шекарасындағы кедендік бақылау қысқартылғаны белгілі. ЕАЭО елдерімен шекарада «экспорттық бақылау» енгізілді. Ол жүктің заңсыз орын ауыстыруына жол бермеу және салықтардың түсуін қамтамасыз етуден тұрды. Мұндай бақылаудың әрекет ету тәртібі құқықтық актілерде белгіленген. Мүдделі кәсіпкерлер өз құқықтарының бұзылғаны туралы көлік прокуратурасы органдарының сенім телефондарына хабарлай алады.