Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша түбегейлі шаралар қажет екенін айтты. Мемлекет мектептер мен “ҚазМұнайГаз”-ды квазимемлекеттік сектор субъектілері ретінде бірдей қарастырғаны дұрыс емес. Стратегиялық маңызды объектілер мемлекеттің бақылауында қалуы тиіс, активтерді бәсекелі ортаға беру – өз алдына мақсат емес, тек экономикалық модельдің тиімділігін арттыру құралы ғана”, – деді президент.