Қор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын айтты. “Көздеген ортақ мүддеміз бір. Қор өз жұмысында парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне ашықтық пен мүлдем төзбеушілік қағидаттарын енгізіп жатыр”, – делінген Facebook-тегі хабарламада. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қорды реформалау бағдарламасы қабылданған болатын. Оның басты тармақтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңнаманы сақтау. Қазір сатып алудың ашық тетігі әзірленді, бизнес үшін әкімшілік кедергілер жойылды, сәйкестік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша озық тәжірибе бекітілді және оны жетілдіре береміз. Қор былтыр алғашқылардың бірі болып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық туралы меморандум жасасып, “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесін ашты”, – деді қор өкілдері.