“Самұрық-Қазына” қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорда және портфельдік компанияларда басшылық қызмет атқаратындардың жалақысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Самұрық-Қазына” басшысының айтуынша, көп менеджер қазақстандық компанияларды қолдау мақсатында бұрынғы жұмыс орындарына қарағанда төмен жалақыға жұмысқа келген. Оның айтуынша, қордағы жалақы деңгейі мемлекеттік қызметкерлердің табыс деңгейіне сай. Менеджерлер 700 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін алады. Кейбір портфельдік компанияларда – 1,5 миллион теңгеге дейін.