Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин қант тапшылығының себептерін зерттейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы айтатын болсақ, ең алдымен нарықта азық-түлікті қолжетімді ету міндеті тұр. Қазір бай елдер экономикасы төмен елдерге қарамайды, сондықтан әлемдік баға өсіп жатыр. Қант тапшылығы туындамас үшін, айналым схемасына айтарлықтай көп қаражат бөлдік. Көктемгі дала жұмыстарына 140 миллиард теңге бөлінген. Айналым схемасына 100 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінді. Неге бұл қаражат қант зауыттарына жетпеген? Анық-қанығын айқындау керек”, – деді министр.