Сейсмикалық қауіпті Алматы қаласының ең қауіпсіз ауданы аталды

“Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері – қаланың таулы аймақтары. Барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы, қалғандарының бәрі – Медеу, Бостандық аудандары опырылу орындарында орналасқан, сондықтан қауіп жоғары”, – деді төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев. Оның айтуынша, 9 және одан да көп балдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегуі мүмкін.