Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Семей қаласының жаңа әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясында депутаттар Сақтағановтың кандидатурасын қолдады. Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2018 жылдан бүгінге дейін Ұлан ауданының әкімі лауазымын атқарды. Жеті баласы бар. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұрынғы әкім Ермак Сәлімовке алғыс айтып, қаланың жаңа басшысын таныстырды. Сәлімов алдағы уақытта облыс әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болады.