Облыстық төтенше жағдайлар департаменті орман өрті салдарынан жел бағытының өзгеріп, өңірді түтін басуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады. Төтеншеліктер тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді. Сонымен қатар әкімдік Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қайырымдылық қоры ашылғанын хабарлады.