Семейде жалған вакцинация паспортын жасап, сатпақ болған екі медицина қызметкері ұсталды деп хабарлайды «Хабар 24». Полицияның хабарлауынша, медициналық-әлеуметтік мекемеде істейтін маман заңсыз қызметіне 15 мың теңге алып отырған. Сөйтіп ол ақшаны жедел медициналық көмек орталығында жұмыс істейтін әріптесімен бөліскен. Сыбайласы белгілі бір азаматтың вакцина алғандығы туралы деректі орталық базаға енгізіп отырған. Әзірге 30-дан астам тұрғынның жалған құжат жасатқаны белгілі болды. Бұдан бөлек, Өскеменде 15 мың теңгеге ПТР тесттің теріс нәтижесін жасауға көмектесем деп хабарландыру таратқан 34 жастағы ер адам ұсталды. Енді ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалған вакцинация паспортын жасағандарға да заң қатаң.