Сенат депутаттары Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға бағытталған заңды қабылдады

Жаңа нормалар қазақстандық балықшыларға ішкі және аумақтық суларға тәуліктің кез келген уақытында балық аулауға шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. . Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң Каспийдегі мемлекеттік шекараны қорғаудың экономикалық қызметі мен құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, аталған құжат ұлттық заңнаманы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерімен сәйкестендіреді.