Ол “Ирина Кайратовна” тобының әншісі мен Shiza-ның әрекетіне қатысты ұсыныс енгізді. Оның ойынша, құр кешірім сұраумен құтылу жауапкершіліктен құтылу деген сөз. Ал Жаңа Қазақстанның негізгі талабы – заң үстемдігі. Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлағаны бірнеше жаза қарастырылған.Соның біреуін қолданады. Бұдан бөлек, депутат мәдениет туралы заңға концерт ұйымдастырушылар мен өнер өкілдерінің халық алдындағы жауапкершілігін қарастыратын баптарды енгізу қажет деп санайды. Ал әдепсіздік көрсеткен және былапыт сөз айтқан әншілерді бес жылға дейін сахнадан аластату керек деді. Еске салсақ, жуырда Алматыда өткен концертте “Ирина Кайратовна” тобы мен Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиев өрескел әрекет жасады.