Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік инфляциясының орташа деңгейі 1,4 процентке тең. Бірақ кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болып тұр. Әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын да ұстай алмай отыр. Үкімет басшысының орынбасары – сауда және интеграция министрінің айтуынша, әкімдіктер шараларды да, қаржыны да тиімді пайдаланып жатқан жоқ. Мәселен, Маңғыстау облысында бағаны тұрақтандыру арналған 3,6 миллиард теңгенің 2 миллиард теңгесі игерілмей жатыр.Ал Астана қаласында “айналым схемасы” бойынша қаржыландыруға бөлінген қаржының көлемі 14 миллиард теңге. Соған қарамастан, елорда бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігіне кіреді.