Үндістан, Қытай және Иран азаматтары елімізде визасыз жүре алады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бекітілген талапқа сай шетелдіктер шекарадан кірген сәттен бастап 14 күн бойы Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұрады. Бұл жайында Көші-қон комитеті хабарлады. Аталған елдер үшін біржақты визасыз режим енгізіліп отыр. Алайда Қазақстанда болу мерзімі 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Әйтпесе, айыппұл салынады.