ШҚО-да 40 градус аязға байланысты көлік қозғалысы шектелді. Республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың барлық учаскелерінде дизельдік отынмен жүретін көліктер мен қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз әлі бірнеше күнге созылады.