Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін қаупі 2022 жылғы 15-17 ақпан аралығында сақталады. Автожолдардың бойындағы мына 20 ошақ аса қауіпті болып табылады: Өскемен-Самар, Өскемен-Зырян, Өскемен-Таулы Үлбі-Северное, Қатонқарағай-Согорное-Барлық (Печи), Қатонқарағай-Рахман қайнары, Алтай ауданының «Зубовская» тауы. ШҚО ТЖД жолға шыққанда абай болуды, төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласуды ескертеді.