Өңірдегі алғашқы дерек 14 қыркүйек күні Алтай ауданы, Парыгино ауылында тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24». Екінші сынып оқушысының анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Баланың дене температурасы 37 градусқа дейін көтерілген. Вирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. Бала қазір үйінде емделіп жатыр. Жағдайы жаман емес. Бір сыныпта оқыған 12 бала мен мұғалімдерден тест сынамасы алынған. Сондай-ақ сырқат баланың жақындары да тексеріліп жатыр.