“Эйр Астана” ұшқышы Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды. Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұшқыштың ұлы Мұстахим Сиденғалиевтің айтуынша, Қанат Сиденғалиев кеңестік кезеңнен бері ұшып бастаған. Өмірінің 36 жылын әуеде өткізгенін айтады.
Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев “Эйр Астана” компаниясында жұмыс істеген, Airbus А-320 экипажының капитаны болған.
Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлаған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Ұлының айтуынша, ауруханада жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында дүниеден өтіпті.