Үш қызды зорлаған түркістандыққа 33 жастағы педофилге сот үкімі шықты. Оған химиялық кастрация жасалады. Шәуілдір ауданының тұрғыны бұдан екі жыл бұрын қарындасымен ойнауға келген кішкентайларға азғындық жасаған. Түркістан облыстық соты осылай деп хабарлады. Жазғы каникул кезінде екі ай бойы үш жасөспірімге сексуалдық сипатта зорлық көрсетіп, сол сұмдықты жасыру үшін қыздарды қорқытып, мың теңге берген. Кішкентай қыздар сол кезде 10 және 12 жаста болған. Ер адам өз кінәсін сол күйі мойындамаған. Алайда сот медициналық сараптама оның зорлық көрсеткенін анықтады. Енді қылмыскер өмірінің 25 жылын түрмеде өткізеді.