Бүгін Алматы облысының Боралдай кентінде оларға әскери құрмет көрсету рәсімі өтті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. “Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды. Комитет қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетіп жатыр” делінген хабарламада. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскерилерді еске алып, комитет орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді. “Бір минут үнсіздік” өткізілді. Ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайын анықтау және қара жәшікті талдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.