Ұшақ бортындағы жанжал шығарған қазақстандықтарға 120 мың доллар айыппұл салынбақ. Естеріңізге сала кетейін, Анталиядан Астанаға бағыт алған Pegasus Airlines рейсінде саяси көзқарастар салдарынан Украина мен Қазақстан азаматтары арасында жанжал шыққан. Соның салдарынан ұшақ Эрзурумға шұғыл қонуға мәжбүр болған. Оқиғадан кейін Pegasus Airlines компаниясы жанжал шығарғандарға зиянды өтеу туралы талап қойды. Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақты мәжбүрлеп қондыру және жанармай құю құны 120 мың АҚШ долларына тең.