Түркістан облысында жанар-жағармай станциясына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады Polisia.kz. Ресми мәліметке сәйкес, Шардара ауданында орналасқан жанар-жағармай станциясына түнде Daewoo Nexia көлігі келген. Ішінен медициналық бетперде киген үш адам қару ұстап түскен. Ал жанар-жағармай станциясында екі адам ғана болған. Біреуі – кассир, екіншісі – қарапайым жұмыскер. Қарақшылар екеуін қорқытып, ақша талап еткен. Сосын кассадан 120 мың теңгені алып, қашып кеткен. Даладағы көлікте оларды тағы бір сыбайласы күтіп отырған. Екеуі қолға түсті, екеуі қашып кетті. “Тергеу кезінде екі күдіктінің Жетісай ауданының тұрғыны екені анықталды. Үшіншісі – Ақмола облысының тумасы, төртіншісі – Шымкент тұрғыны. Төртеуі де бұрын сотталған. Іздеу шаралары жалғасып жатыр”, – дейді полицейлер.